Директор
Маңғыстау ауданы, Шетпе кентінде өмірге келген. Ақтөбе индустриалды-педагогикалық техникумын (1990), Ш.Есенов атындағы Ақтау университетін бітірген (2000). 1990-2006 жылдары Шетпе кентіндегі мектептерде мұғалім, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, аудандық білім бөлімінде әдіскер, бас маман қызметтерін атқарды. 2006-2010 жылдары Маңғыстау аудандық «Өрлеу» МКҚК директоры, 2010 жылдан бері Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының директоры. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «ҚР мәдениет саласының үздігі», «Өз ісінің шебері» төсбелгісімен марапатталған.
Директордың орынбасары
1994 жылы 1 желтоқсанда Ақтау қаласында дүниеге келген. М.Тынышбаев атындағы Ақтау көлік колледжін (2014) және Қазақстан инновациялық телекоммуникациялық жүйелер университетін (2018) бітірген. Орталыққа 2010 жылы қызметке тұрып, 16 жылдан астам еңбек еткен. Еңбек жолын қатардағы жұмысшы ретінде бастап, қауіпсіздік инженері, бөлім басшысы қызметтерін атқарған. 2026 жылдың 9 сәуірінен директор орынбасары. ҚР Мәдениет министрлігінің және Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған.
Директордың орынбасары
1973 жылы 24 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Орал педагогикалық училищесін (1991), Батыс Қазақстан Мемлекеттік Гуманитарлық Университетін (1996), Самара мәдениет және өнер университетін бітірген (2002). Мәдениет саласында 1994 жылдан бері еңбек етеді. 2008 жылдан Орталықтың ғылыми-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, қазіргі таңда директор орынбасары. «Халық алғысы» медалінің, ҚР Президентінің «Алғыс» төсбелгісінің иегері.