Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының бұйрығымен Алдияров Асылбек Есеркепұлы «Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығы» МКҚК директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Асылбек Есеркепұлы мекемеде 16 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз әрі адал қызмет етіп келе жатқан білікті жас маман ретінде өзін жоғары деңгейде дәлелдеді. Еңбек жолын қатардағы жұмысшыдан бастап, өзінің табандылығы мен кәсібилігінің арқасында қауіпсіздік инженері, кейін бөлім басшысы лауазымдарына дейін көтерілді.
Бұл – оның жауапкершілігі жоғары, еңбекқор әрі ұйымдастырушылық қабілеті мықты тұлға екенінің айқын дәлелі. Қызмет барысында өзіне жүктелген міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындап қана қоймай, ұжым арасында сыйлы, беделді маман ретінде танылды.
Әріптесімізге абыройлы қызмет тілейміз!!!