onmc.kz

Облыстық ғылыми–әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының конференция залында әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыру және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыс клуб мекемелерінің қызметкерлеріне арналған «Клуб мекемелерінің жұмысын жоспарлау» атты семинары жоғары деңгейде өтті. Семинар барысында танысу, сұрақ-жауап арқылы қыздыру, әдістемелік бағытта жұмыс жүргізудің заманауи тәсілдерімен танысты.
Семинар спикерлері — ОҒӘ және МҚКО директор орынбасары З.Сапарова және “Мониторинг, талдау және әдістемелік жұмыс” бөлімінің меңгерушісі Г.Меджанова.
Семинарға 40-қа жуық әдіскер қатысып, өзара тәжірибе алмасып, кәсіби біліктіліктерін арттырды.